×

Келесі жылы елімізде конкурдан ұлттық құрама құрылады

Қазір Астанада конкурдан ел чемпионаты өтіп жатыр

 Ербол Тұрымбет 22.10.2023 | 13:00
фото: akhal-teke.net

Елордадағы «Арғымақ» ат спорты және спорттық сауықтыру кешенінде алғаш рет конкурдан ел чемпионаты өтіп жатыр.

Ашық біріншілікке 50-ге жуық шабандоз келген. Екі күн бойы Қазақстан мен Қырғызстаннан келген спортшылар әртүрлі қиындықтағы және биіктіктегі 8 бағытта жарысады.

Турнирдің жүлде қоры – 26 миллион теңге. Ақшалай кубокты кімнің алатыны бүгін анықталады.

Ат спорты федерациясының президенті Дәурен Асхаттың айтуынша, бұл жарыс – маусымның басты оқиғасы. Конкур – олимпиадалық спорт түрі. Осы жарыстың нәтижесі бойынша келесі жылы Қазақстан Республикасының құрамасы құрылмақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама