×

СҚО-да шенеуніктер 85 млн теңге болатын 5 пәтерді заңсыз беріп жіберген

Артынан ол пәтерлер үшінші тұлғаларға сатылған

 Халық үні 20.10.2023 | 22:55
фото: kursiv.kz

Прокурорлық тексеру барысында жер учаскелерін және жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімдерін өткізу барысында пәтерлерді заңсыз ұсыну фактілері анықталды. Бұл туралы СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғалары «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның талаптарын бұза отыра облыс орталығының бір тұрғынына қосымша құрылыстары бар құны 39 млн теңгені құрайтын жер учаскесін алып, оның орнына жалпы сомасы 85 млн теңге болатын 5 жайлы пәтерді берген.

Артынан ол пәтерлер үшінші тұлғаларға сатылған.

Қадағалау органымен сотқа пәтерлерді сату-сатып алу мәмілелерін жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді.

Соттың шешімімен прокурордың талабы қанағаттандырылды.Бүгінгі күні сот актісі заңды күшіне енді, заңсыз алынған пәтерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.

Тағы бір жағдайда, қала тұрғыны Заңның 109-бабының талаптарын бұза отырып, құны 20,3 млн теңгенің жайлы пәтерін жекешелендіріп алған, алайда өзі сол пәтерде тұрмаған.

Осылайша мемлекет мүлкі тұрғын үй қорынан заңсыз шығарылған.

Аталған факті бойынша бүгінгі күні Қылмыстық кодекстің 189-бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, арнайы прокурорлар тергеу жүргізіп жатыр.

Сонымен бірге қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғалары пәтерлерді ұсынғанда және тұрғын үй алу кезегін түгендегенде жүйелі заңбұзушылықтарға жол берген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жіберілген бұзушылықтарды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту бойынша шаралар қабылдануда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама