×

Жаңа жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлем мөлшері артады

Қаражат 59 мың отбасын қамтиды

 Динара Амантай 20.10.2023 | 15:57
Фото: Halyq Uni

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері артады. Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атап айтқанда, құжатта 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделген. Аталған қаражат еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтиды.

Бұл мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.

Еске сала кетсек, Әлеуметтік кодекске сәйкес, Үкімет еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төлемдердің мөлшерін жыл сайын арттырып отырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама