×

Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 22 мектеп салынады

Қазір 13 учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр

 Ая Өміртай 19.10.2023 | 13:00
Фото: Halyq Uni

Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында (бір ауысымда) 37 100 орындық 22 үлкен мектеп салынады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Атап айтқанда:

  • Алатау ауданында – 6 мектеп;
  • Алмалы ауданында – 1 мектеп;
  • Әуезов ауданында – 1 мектеп;
  • Бостандық ауданында – 3 мектеп;
  • Жетісу ауданында – 1 мектеп;
  • Медеу ауданында – 1 мектеп;
  • Наурызбай ауданында – 5 мектеп;
  • Түрксіб ауданында – 4 мектеп құрылысы жоспарланған.

Оның ішінде 23 100 орындық 13 мектептің құрылысына бірыңғай тапсырыс беруші – «Самұрық-Қазына құрылыс» АҚ. 

Алматы қаласы білім басқармасының баспасөз қызметінің Halyq Uni редакциясына берген жауабында қазір 13 учаскеде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқанын көрсеткен.

12 мың орындық 8 мектепті меншік иелерінен тауар ретінде сатып алу, МЖӘ аясында «Алғабас» шағын ауданында 2 мың орындық 1 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда. Қазіргі уақытта 13 учаскеде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілсе, 9 учаскеде жер телімдерін дайындау жұмыстары жүргізілуде: қоршау, геотехникалық іздестіру, қадаларды қазу, құрылыс техникасын жұмылдыру және т.б., - делінген ресми жауапта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама