×

Азия чемпионатына қатысатын боксшылар анықталды

Сарықұрлық додасы Астанада 21 қазан мен 4 қараша аралығында болады

 Дастан Жұмабекұлы 19.10.2023 | 12:04
Фото: olympic.kz

21 қазан мен 4 қараша аралығында Астанада бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты болады. Бұл додада шаршы алаңға 2005-2006 жылдары (жастар) және 2007-2008 жылдары (жасөспірімдер) туған боксшылар шығады.

Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, жаттықтырушылар құрамы Азия чемпионатына қатысатын боксшылардың есімін атады.

Қыздар құрамасында мына боксшылар жарысқа қатысады:

  • 46 кг: Айым Танкибаева;
  • 48 кг: Сила Бейболсынқызы;
  • 50 кг: Регина Тибенева;
  • 52 кг: Айша Сариева;
  • 54 кг: Аяжан Сыдық;
  • 57 кг: Аяжан Ермек;
  • 60 кг: Толғанай Қасымхан;
  • 63 кг: Алина Құдайгенова;
  • 66 кг: Айсұлу Мұхит;
  • 70 кг: Ақбота Есімбекова;
  • 75 кг: Аружан Зейноллаева;
  • 80 кг: Құралай Егінбайқызы;
  • +80 кг: Панар Сейтқанқызы.

Азия чемпионаты Тұран даңғылы, 4/2 мекенжайында орналасқан Beeline arena спорт кешенінде болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама