×

Иранда Разави кесенесіне қара жалау тігілді

Бұл белгі кек алуды немесе соғыс ашуды білдіреді

 Дастан Жұмабекұлы 18.10.2023 | 16:04
Фото: tgstat.ru

Иранның Хорасан қаласындағы Разави кесенесіне қара жалау тігілді. Қара жалау көтерілсе, бұл белгі кек алуды немесе соғыс ашуды білдіреді. Ал егер кесенеге қызыл ту тігілсе, Иран жер-жүзіндегі барша мұсылман қауымын кек алуға шақырады.

Қара жалау бүгін түнде Газа секторындағы Al Ahli ауруханасынасына бомба түскеннен кейін көтерілді. Бұл жарылыстан қаза тапқандар саны 800 адамнан асты. Жараланғандар саны одан да көп.

Газа секторындағы баптистердің ауруханасында Израиль әскерінің бомбалауынан жараланған адамдар емделіп жатқан еді. Медициналық мекемеде емделіп жатқандардың арасында әйелдер мен балалар өте көп болған. Бүгін түнде ауруханадағы жарылыстан солардың көбі қаза тапты. Осы оқиғаға байланысты ХАМАС пен Израиль бір-бірін айыптады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама