×

Астанадағы Байқоңыр ауданына жаңа әкім тағайындалды

Жеңіс Қасымбек жаңа басшыға аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді

 Еркеғали Болатұлы 18.10.2023 | 15:27
фото: t.me/astana_newss

Президент әкімшілігінің әрі қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі болып Талғат Рахманберді тағайындалды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әкімдіктің мәліметінше, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа басшыға аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеген.

Талғат Рахманберді еңбек жолын 2004 жылы «Жамбыл облысының студенттер мен жастар одағы» жастар қоғамдық бірлестігінен бастаған.

  • Әр жылдары «Астана қаласының студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы» қоғамдық бірлестігін басқарған.
  • Астанадағы Бас прокуратура институты қылмыстық процестің және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша біліктілікті арттыру бөлімінде аға прокурор;
  • «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы сынды қызметтер атқарған.
  • 2016 жылғы сәуірден 2019 жылғы наурызға дейін Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары;
  • 2019 жылғы сәуірден бастап «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысының орынбасары болған.
  • Соңғы жылдары «Астана қаласының қоғамдық даму басқармасы» ММ;
  • «Астана қаласының ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы;
  • Қала әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама