×

Қытайда Қазақстанға тиімді келісімдер жасалды – Тоқаев (ВИДЕО)

Барлығы 30 құжатқа қол қойылды

 Дастан Жұмабекұлы 17.10.2023 | 16:22
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев YTO Express Co., Ltd компаниясының басқарма төрағасы Йу Хуэй Дзяомен келіссөзден кейін CITIC Group компаниясының басқарма төрағасы Чжу Хэсиньмен және CRRC Сorporation Limited компаниясының басқарма төрағасы әрі атқарушы директоры Cунь Юнцаймен кездесті.

Кездесуде энергетика, мұнай химиясы өнеркәсібі және басқа да маңызды салалардағы өзара серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды. Президентке CITIC Group компаниясы мен Қазақстанның бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтарының іске асырылу барысы туралы мәлімет берілді.

Біздің тұрақты кездесулеріміз арадағы ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын білдіреді. Биыл мамыр айында CITIC Construction компаниясы қазақстандық серіктестерімен жалпы инвестиция көлемі 2 млрд доллар болатын жобаларды іске асыру жөніндегі 5 құжатқа қол қойды. Маңызды жобалардың бірі – Ақтаудағы Caspi Bitum зауытының мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 миллион тоннаға дейін жеткізу. Маған «ҚазМұнайГаз» бен CITIC Group арасында тиісті келісімге қол қойылғаны жөнінде мәлімет берілді. Құрылыс саласында мол тәжірибеңіз бар екенін ескерсек, бұл жоба сапалы әрі қысқа мерзім ішінде іске асады деп ойлаймын, – деді мемлекет басшысы.

CITIC басқарма төрағасы Қазақстан тарапымен өзара тиімді ынтымақтастыққа жақсы баға берді.

Біздің СITIC корпорациясы Қазақстанда табысты жұмыс істеп жатыр. Маған және менің әріптестеріме бүгін сізбен жүздесу – зор мәртебе. Біздің қызметіміздің негізгі мақсаты – Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты нығайту, – деді Чжу Хэсинь.

Бұдан басқа, кездесуде инвестиция және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.

Қазақстан президенті CRRC Сorporation Limited компаниясының басқарма төрағасы әрі атқарушы директоры Cунь Юнцаймен кездесті.

CRRC Сorporation Limited компаниясының басқарма төрағасы әрі атқарушы директоры Cунь Юнцаймен кездесу барысында машина жасау және теміржол транспорты салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Бір белдеу, бір жол» форумы аясында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен СRRC арасында құны 1,3 млрд доллар болатын ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылатыны баяндалды. Аталған құжат бойынша 200 маневрлік және магистральдық тепловоздар сатып алу, сондай-ақ Қазақстанда инжиниринг және сервистік қызмет көрсету орталықтарын ашу қарастырылған.

Президент еліміздің озық технологияларды қолдану және теміржол техникасына қызмет көрсету орталықтарын ашу арқылы локомотивтер өндірісінің жергілікті үлесін арттыруға мүдделі екенін атап өтті. Осы орайда мемлекет басшысы Қазақстанның негізгі көлік-логистикалық хаб екенін айтып, сол арқылы CRRC компаниясының Еуразия кеңістігі мен Еуропа нарықтарына шыға алатынын жеткізді. Бұл ретте мемлекет басшысы компанияның осы мақсаттарға 200 млн доллар инвестиция құю ниетін құптады.

20 жыл бойы сіздің корпорацияңыздың елімізбен табысты ынтымақтастықта жұмыс істегені қуантады. Осы жылдар ішінде Қазақстан компаниядан 300-ге жуық жолаушылар вагоны мен локомотивтерді, сондай-ақ 6 мың жүк вагонын сатып алды. Қазақстанда компанияның өнімдері сапалы екенін көрсетті. Біздің серіктестігімізді жаңа деңгейге көтеруге барлық мүмкіндік бар екеніне сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Сунь Юнцай Қазақстанның CRRC компаниясына көрсетіп жатқан қолдауы үшін ризашылығын білдірді. Оның пікірінше, кәсіпорын Қазақстан нарығында қызмет еткен 20 жыл ішінде өзара тиімді ынтымақтастық тиісті деңгейге көтерілген.

CRRC Corporation Limited корпорациясы әлемдегі теміржол транспортының ең ірі өндірушісі саналады және әлемдік локомотив өндірісі нарығының шамамен 50 пайызы Қытай компаниясына тиесілі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға ресми сапары аясында бірқатар маңызды келісімдер жасалды. Сапар шеңберінде жалпы құны 16,54 млрд доллар болатын 30 коммерциялық құжатқа, соның ішінде инвестициялық, сауда келісімдеріне, өндіріс технологиясын беру, несие желісін ашу және тағы да басқа бағыттарды қамтитын келісімшарттарға қол қойылды. 

1. Терефтал қышқылын/полиэтилентерефталат өндіру жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөнінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен SINOPEC арасындағы келісім;

2. «CASPI BITUM» БК» ЖШС зауытының мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 миллион тоннаға дейін жеткізу жобасын ілгерілету жөнінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен CITIC Group арасындағы өзара түсіністік туралы келісім;

3. «Қазпошта» АҚ мен YTO Express Group арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

4. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мен CRRC Corporation Limited арасындағы ынтымақтастық және CRRC Corporation Limited өнімдерін сатып алу туралы негіздемелік келісім (сауда келісімі);

5. Жер қойнауын пайдалану келісімшартының жарамдылық мерзімін ұзарту жөнінде ҚР Энергетика министрлігі мен China National Petroleum Corporation компаниясының екіжақты мәлімдемесі;

6. «Силлено» ЖШС-нің жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алу-сату туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, SINOPEC және «СИБУР» ЖШҚ арасындағы шарт.

Сонымен қатар мемлекет басшысының ҚХР-ға сапары аясында тағы мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. «Самұрық-Қазына» АҚ, Сhina Power International Holding мен SANY Renewable Energy Co. Ltd арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

2. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Бейжің мұнай университеті арасындағы энергетика секторында индустрияны бірлесіп дамыту, ғылыми кадрларды даярлау және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін «Бір белдеу, бір жол» қауымдастығын құру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;

3. «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС мен Shenzhen Enterprise Confederation арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

4. «Самұрық-Энерго» АҚ мен Power China Resources Ltd. арасындағы жобаны бірлесіп әзірлеу жөніндегі келісім;

5. «Самұрық-Қазына» АҚ мен China Power International Holding арасындағы бірлескен әзірлеме туралы келісім;

6. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен China National Offshore Oil Corporation  арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

7. «QazaqGaz»ҰК» АҚ мен Geo-Jade Petroleum Corporation арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

8. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен Liangjiang Precision Control Electronic Technology (Chongqing) Co. Ltd арасындағы «Азаматтық мақсатта қолданылатын жарылғыш заттардың индустриялық паркі» жобасын іске асыруға ниет білдіру туралы келісім;

9. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ мен China Huadian Overseas Investment арасындағы инвестициялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім;

10. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Ляньюньган порты» компаниялар тобы» ЖШҚ арасындағы  ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім;

11. Astana Motors пен BYD Auto Industry Co Ltd. арасындағы энергияның жаңа көздерін пайдаланатын автомобильдерді тасымалдау туралы дистрибьюторлық келісім;

12. Astana Motors пен TELD New Energy Co Ltd. арасындағы дистрибьюторлық келісім;

13. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Бейжің шет тілдері университеті арасындағы академиялық алмасу жөнінде қосымша келісім;

14. «Самұрық-Қазына»  АҚ мен GPC Investment LLP, Bank of China Limited (Tokyo Branch), JSC AB «Bank of China Kazakhstan», China Construction Bank (Asia) Corporation Limited арасындағы GPC Investment үшін кредит желісін ашу туралы кредиттік келісім;

15. «Самұрық-Қазына» АҚ мен SANY Renewable Energy Co.  Ltd. арасындағы инвестиция жөніндегі алдын ала келісім;

16. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ мен China National Petroleum Corporation арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

17. «Қазақстан Республикасы Президентінiң Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК ШЖҚ, «Астана медицина университеті» КеАҚ мен BGI Group арасындағы ынтымақтастық және серіктестік туралы меморандум;

18. «Қазпошта» АҚ мен Sai Cheng International Logistics Co., Ltd. арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

19. «Primus Capital» ЖШС мен Sinoma Cement Co.Ltd арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

20. «Астана медицина университеті» КеАҚ мен Shanghai United Imaging Healthcare Co.Ltd арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

21. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Бейжің Тіл және мәдениет университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

22. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ арасындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшартқа №7 қосымша;

23. «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ мен BGI Group арасындағы Qazaqstan Investment Corporation компаниясының Forebright Life Science Technology Fund қорына қатысуына байланысты негізгі шарттар;

24. «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен Petrochina International Co.Ltd.   арасындағы табиғи газды сатып алу-сату шарты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама