×

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәдениетіміз бен мұрамыздың арасындағы алтын көпір - министр

 Дастан Жұмабекұлы 17.10.2023 | 10:12
Фото: Нұрдәулет Әбікеев

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен кездесіп, кеңес өткізді.

Кездесуде ойындарды ұйымдастыру жұмысы талқыланып, жарыстың стратегиясы жасалып, қарастырылды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәдениетіміз бен мұрамыздың арасындағы алтын көпір. Келесі жылы елімізде тұңғыш рет бірегей спорттық іс-шара – Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осы орайда дүниежүзілік ойындарды өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен кеңес өткіздім. Мемлекет басшысы еліміз үшін маңызды іс-шараны ең жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Жарысқа дайындық қарқынды жүріп жатыр. Кездесуде біз көптеген ұйымдастырушылық аспектілерді талқыладық және осы ойындарды өткізудің егжей-тегжейлі стратегиясын жасап, қарастыра бастадық, – деді ол.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спортшылар қазақ күресі, көкпар, құсбегілік, асық ату және басқа да қазақ ұлттық спорт түрлерінен бақ сынайды. Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен, тіпті дәстүрлі түрде көшпелі емес елдерден командалар қатысады деп жоспарланып отыр. Мысалы, 2 жыл бұрын Түркияда өткен соңғы жарыстарға 100-ден астам ел мен 3 мыңнан астам спортшы қатысқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама