×

Павлодарда екі адам үйіндінің астында қалып қойды

Бір құтқарушы көз жұмды

 Дастан Жұмабекұлы 16.10.2023 | 11:56
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Павлодар қаласындағы Достоевский көшесінде жер үйдің ауласында үй иесіне көмектесіп жатқан екі ер адам су құбырын тарту кезінде топырақтың астында қалып қойды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, құтқарушылардың біреуі аман қалса, екіншісі қайтыс болған.

1977 жылы туған азамат үйінді астынан шығарылды. Ер адам ауруханаға жатқызудан бас тартты. Өкінішке қарай, 1972 жылы туған екінші адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Ол жедел жәрдем келгенше көз жұмды, – делінген хабарламада.

Оларды құтқару жұмыстарына 11 адам мен 3 техника жұмылдырылды.

Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, денсаулық сақтау басқармасы 46 жастағы тірі қалған ер адамның қатты стресс алғаны туралы мәлімет таратты. Оған «ұзақ мерзімді жеңіл дәрежеде қысылып қалу» синдромы деген диагноз қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама