×

Қызылорда облысында 8 адам ата-ана құқығынан айырылды

Сондай-ақ 6 ата-ананың құқығы шектелді

 Динара Амантай 13.10.2023 | 17:57
Фото: Halyq Uni

Қызылорда облысында 8 ата-ана сот құзырымен ата-аналық құқығынан айырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, облыс көлемінде кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын-алу мақсатында «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Бала – Заң – Қауіпсіздік» атты жедел профилактикалық іс-шаралары, «Мен және менің полицейім», «Абайлаңыз балалар» атты акциялар өткізілген. Нәтижесінде 6 мың 251 құқық бұзушы ішкі істер органдарына жеткізілсе, оның ішінде 231-і кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылып, 53 жасөспірім қылмыс жасағандары үшін ұсталды. Сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүрген 4 мың 700 кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қызылорда облысындағы қоғамдық орындар мен көшелерде, түнгі клубтарда, дискотекаларда, кафе-барлар мен мейрамханаларда мектеп оқушыларының түнгі жүрістерін ырықтау, бей-берекеттіліктің алдын алу, олар тарапынан түн мезгілдерінде орын алатын құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында күнделікті кешкі сағат 22:00-ден бастап рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр. Әрбір рейдтер бойынша ата-аналар мен жасөспірімдер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 112 кәсіпкер, кәмелеттік жасқа толмағандарға және кәмелетке толмағандардың темекі бұйымдарын сату дерегі бойынша 6 тұлғаға, жасөспірімге алкоголь өнімін сатқаны үшін 9 сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Балалардың тәрбиесімен айналыспай, ата-аналық міндеттерін орындамаған 8 ата-ана сот құзырымен ата-аналық құқығынан айырылса, 6 ата-ананың ата-аналық құқығы шектелді. 5 кәмелетке толмаған облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына және 2 жасөспірім «Абай облысының ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатына» орналастырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама