×

Аяқ киім нарығында көлеңкелі айналымның үлесі – 48,5%

Ресей және Беларусьпен таңбалау кодтарын өзара тану іске қосылды

 Динара Амантай 13.10.2023 | 16:18
Фото: blog.elgi.com

Аяқ киімдерді цифрлық таңбалауды енгізу нәтижесінде аяқ киімнің ресми импорты 36% ұлғайды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, қазір аяқ киім айналымы құрылымының 96%-ы – импорт, ал тек 4%-ы – ішкі өндіріс. Ішкі нарықтың дамуы аяқ киімнің көлеңкелі айналымын айтарлықтай шектейді.

Аяқ киім өнімдерін цифрлық таңбалауды енгізу нәтижесінде аяқ киімнің ресми импорты 36% (2022 жылғы 7 айда 26,1 млн жұптан 2023 жылғы 7 айда 35,6 млн жұпқа дейін) ұлғайды. Аяқ киім өндірісі 20% (2021 жылы 1,5 млн жұптан 2022 жылы 1,8 млн жұпқа дейін) өсті.

Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен таңбалау кодтарын өзара тану іске қосылды. Бұл осы елдерден әкелінген аяқ киімді таңбаламауға мүмкіндік береді.

Анықтама үшін: биыл 9 қазандағы жағдай бойынша Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі айналымға 3 мың 223-тен астам қатысушыны тіркеді. Тауарлар каталогында 996 мыңнан астам тауар карточкалары тіркеліп, 78,3 млн-нан астам таңбалау кодтары эмитенттелді. Айналымнан 12,1 мың таңбалау коды шығарылды.

Сандық таңбалаудың басты артықшылығы – аяқ киімнің әр жұбын анықтауға және оны адам факторының әсерінсіз өткізгіш тізбек арқылы бақылауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ таңбалаудың отандық өндірушілерге өз орнын табуға, оны дамытуға көмектесетіні маңызды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама