×

Президент TikTok компаниясының бас директоры Чжоу Шоуцзымен кездесті

Қазір желіге 10 миллионнан астам қазақстандық тіркелген

 Динара Амантай 12.10.2023 | 16:53
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы TikTok компаниясының бас директоры Чжоу Шоуцзымен кездесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Президент елімізде TikTok платформасының танымалдылығы артып келе жатқанын атап өтті. Қазір оған 10 миллионнан астам қазақстандық тіркелген. Бейнеконтент жасауға және қарауға арналған әлемге танымал сервис алғашқылардың бірі болып қосымша интерфейсін қазақ тіліне аударды. Сондай-ақ кибербуллингтің алдын алу мәселелері бойынша уәкілін тағайындады.

Өз кезегінде Чжоу Шоуцзы Astana Hub халықаралық технопаркімен бірлесіп, TikTok StartUp Academy жобасын – қазақстандық стартаптарға арналған эксклюзивті білім беру бағдарламасын іске асырып жатқанын баяндады. Бұдан бөлек, серіктестік аясында TikTok Startup Valley байқауы ұйымдастырылды. Нәтижесінде 200-ден астам стартап өз өнімдерін TikTok арқылы жарнамалау әдістерін үйрету курсынан өтті.

Кездесу барысында креативті индустрия саласындағы ынтымақтастық, жасанды интеллект бойынша зерттеу жүргізу, электронды сауданы дамыту, сондай-ақ TikTok платформасы арқылы Қазақстанның мәдениеті мен туристік мүмкіндіктерін жаһандық деңгейде насихаттау мәселелері қарастырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама