×

Алматыда нөсер кәріздерін салу міндеттеледі

Қала әкімдігі тиісті қаулы шығарды

 Динара Амантай 12.10.2023 | 13:33
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыда нөсер кәрізінің құрылысы міндеттеледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігінің жаңа қаулысына сәйкес, құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде нөсер кәрізін жабдықтау міндеттеледі.

Көше-жол желісін салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде инженерлік коммуникацияларды салудан, реконструкциялаудан және жөндеуден кейін қалпына келтіру жұмыстары кезінде нөсер кәрізін жайластыру көзделсін, – делінген құжатта.

Әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, бірнеше жыл бұрын Алматыда коллекторлық-дренаж жүйесі іс жүзінде болмаған. Қаланың аудандарын жоспарлау кезінде бұған тиісті көңіл бөлінбеген. Қолданыстағы коллекторлар ұзақ жыл иесіз тұрып, жөнделмей, тұнбадан тазартылмады. Алматы әкімінің тапсырмасымен су басу мәселесін шешу үшін жаңа арық желілерін салуды және нөсер жүйесінің коллекторларын жөндеуді қамтитын кешенді шаралар қабылданып жатыр.

Алматыда арық желісінің ұзындығы 1 мың 525 шақырым, оның ішінде 1 мың 208 шақырым нөсер кәрізі ретінде пайдаланылады. Жоба аясында 2024 жылдың соңына дейін 376 шақырым арық желісін салу көзделіп отыр. Биыл оның 80,1 шақырымы салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама