×

Жоғарғы соттың бірнеше судьясы қызметінен кетті

Үш судья зейнетке шықты

 Дәурен Ерболат 12.10.2023 | 10:36
Фото: sud.gov.kz

Жоғарғы соттың бірнеше судьясы қызметінен кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп олардың қызметте беделді болғанын, енді зейнетке шыққанын атап өтті.

«Сіздердің Сембек Баймахановты, Өміртай Ибраев пен Ұлболсын Сүлейменованы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы сот судьяларының қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысын қарауға енгізілді.

Барлық судья зейнет жасына жетті. Олардың судьялық тәжірибесі мол: 28 жылдан 37 жылға дейін. Судьялар қауымдастығында лайықты беделге ие.

Баймахановты, Ибраевты және Сүлейменованы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы сот судьялары лауазымынан босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысын қолдауыңызды сұраймыз», - деді төрағасы.

Сенат депутаттары тиісті қаулыны қабылдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама