×

Бюджет қаржысын игере алмай жатқан министрліктер мен әкімдіктер аталды

Министрліктер 54 млрд теңгені иегере алмаған

 Дәурен Ерболат 10.10.2023 | 11:05
фото: Halyq Uni

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2023 жылдың қаңтар – қыркүйек аралығында бюджет қаржысын игере алмай отырған министрліктер мен облыстар аталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржы министрінің айтуынша, биыл 9 айда мемлекеттік бюджетке 13,8 трлн теңге және республикалық бюджетке 9,2 трлн теңгеге жуық кіріс түскен. Жергілікті бюджеттердің кірісі – 4,7 трлн теңге.

Республикалық бюджет бойынша сомасы 16 трлн теңгеге шығыс жүргізілді. Атқарылмағаны – 70 млрд теңге, оның ішінде үнемдеу – 16 млрд теңге. Игерілмегені – 54 млрд теңге.

Ең көп игерілмеген сома Экология және табиғи ресурстар, Туризм және спорт, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерінде, - деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ министр жергілікті бюджеттердің шығысы 9 трлн теңге болғанын айтты. Атқарылмағаны – 49 млрд теңге.

Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қазанға 1 трлн 112 млрд теңге бөлінген. Оның 98,5% игерілген. Атқарылмағаны – 17 млрд теңге. Оның ішінде 1 млрд теңге – үнемдеу, 16 млрд теңге игерілмеген.

Ең көп игерілмеген сома Астана қаласы, Маңғыстау, Атырау және Қарағанды облыстарына тиесілі, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Бюджет қаражатының игерілмеуіне себеп болған негізгі факторлар:

  • Конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу;
  • Шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу;
  • Шот-фактуралар мен атқарылған жұмыс актілерін уақытылы ұсынбау және тағы басқа.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама