×

«Хабар 24» арнасының директоры тағайындалды

Жасын Біркенов бұған дейін «Атырау-Ақпарат» мекемесінің бас директоры қызметін атқарған

 Халық үні 09.10.2023 | 16:20
Жасын Біркенов, фото: facebook.com

Жасын Біркенов «Хабар 24» арнасының директоры болып тағайындалды.

Ол әр жылдары «Хабар 24» телеарнасының Украина мен Өзбекстан елдеріндегі меншікті тілшісі, осындағы «Сұхбат», «Өзекті», «Тексердік», «Баспасөзге шолу», «Әкім» бағдарламаларының авторы және жүргізушісі, жаңалықтар бөлімінің бас редакторы және телеарнаның шеф-редакторы болған.

Соңғы 1,5 жылда «Атырау-Ақпарат» мекемесінің бас директоры қызметін атқарған.

Бұған дейін «Хабар 24» арнасын басқарған Эльдар Бақпаевқа ҚР Президенті баспасөз хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2012 жылы 1 қыркүйекте Қазақстандағы тәулік бойы жұмыс істейтін тұңғыш ақпараттық арна – «24 KZ» өз жұмысын бастады, ал 2016 жылдың 1 қыркүйегінен ол «Хабар 24» деген жаңа атаумен эфирге шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама