×

Шешуші кезеңде қазақстандық шахматшы қыздар Өзбекстанды жеңіп, жүлдеге ілікті

Шахматшы қыздар шешуші 9-турда Өзбекстанды 3:1 есебімен жеңіп, қола жүлде еншіледі

 Халық үні 07.10.2023 | 20:45
Фото: qaz365.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында шахматтан командалық бәсекеде Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Шахматшы қыздар шешуші 9-турда Өзбекстанды 3:1 есебімен жеңіп, қола жүлде еншіледі. Құрама сапында Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова, Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова өнер көрсетті. 

1).Қытай — 17 ұпай (8 жеңіс, 1 тең) 
2).Үндістан — 15 ұпай (7 жеңіс, 1 тең,  1 жеңіліс) 
3).Қазақстан — 13 ұпай (6 жеңіс, 1 тең, 2 жеңіліс) 

9 турдың қорытындысы бойынша қыздардың көрсеткіші:

Динара Садуақасова — 5 жеңіс, 3 тең;

Жансая Әбдімәлік — 3 жеңіс, 5 тең;

Бибісара Асаубаева — 4 жеңіс, 2 тең, 1 жеңіліс;

Меруерт Камалиденова — 6 жеңіс, 3 жеңіліс;

Алуа Нұрманова — 3 жеңіс, 1 жеңіліс.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама