×

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың үстінен 26 мыңнан аса шағым түскен

Оның 5 мыңнан аса бөлігі қанағаттандырылды

 Динара Амантай 07.10.2023 | 15:00
Фото: gov.kz

Кеше Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылау мәселелері бойынша баспасөз-конференциясы өткізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Брифинг барысында мемлекеттік сатып алу саласындағы жиі кездесетін бұзушылықтар, камералдық бақылауға дейін сатып алу қорытындыларына шағымдану, құрылыстағы рейтінгтік-балдық жүйе тиімділігін, бір көзден сатып алу негіздемелері туралы және т. б. сұрақтар көтерілді.

2023 жылы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңынын 47-бабы шеңберінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекеттеріне/әрекетсіздігіне ІМАК аумақтық бөлімшелерінің атына 26 мың 55 шағым түсті, оның ішінде 5 мың 449 шағым немесе 20%-ы қанағаттандырылып, 6 мың 983 шағым немесе 27%-ы ішінара қанағаттандырылса, 13 мың 623 шағым немесе 53%-ы қанағаттандырудан бас тартылды.

Осылайша, БАҚ өкілдері мемлекеттік сатып алу мониторингіне белсенді қатысып, қатаң қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға үлестерін қосып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама