×

Елена Рыбакина Бейжіңде әлемнің 1-ракеткасын ұтып, жартылай финалға шықты

Осыған дейін қарсыластар бес рет кездесіп, төртеуінде Соболенко жеңген еді

 Халық үні 06.10.2023 | 22:43
Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Бейжің WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды KTF.KZ. 

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің бірінші ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенкомен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар бес рет кездесіп, төртеуінде Соболенко жеңген еді.

Бұл жолы бірінші партияда Елена 7:5 есебімен басым түсті.

Екінші сетте қазақстандық теннисші қарқынды одан сайын үдетті – 6:2.

Бір сағат 34 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 12 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 22-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама