×

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысына Қордың биылғы 8 айда атқарған жұмысының қорытындысы баяндалды

 Динара Амантай 06.10.2023 | 17:17
Фото: t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі

Мемлекет басшысына Қордың биылғы 8 айда атқарған жұмысының қорытындысы баяндалды.

Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының өндірістік және қаржылық көрсеткіштері, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша күтілетін нәтижелерін таныстырды. Сондай-ақ Қорға қарасты компаниялар тобының маңызды жобаларын іске асыру барысы жөнінде мәлімет берді.

Атап айтқанда:

  • жыл соңына дейін 6 ірі жобаны, оның ішінде Астрахан – Маңғышлақ су құбырын реконструкциялау;
  • «Сарша» және «Жылы жағажай» елді мекендеріне газ құбырын тарту;
  • Бейнеу – Жаңаөзен газ құбырының 2-желісін және Мақат – Солтүстік Кавказ газ құбырының лупингін салу;
  • Бірінші ГРЭС-тің 1-блогын қалпына келтіру.

Еліміздің Бірыңғай электрэнергетикалық жүйесіне қарасты батыс аймағындағы электр желілерін күшейту жобаларын аяқтау жоспарланып отыр.

Бұған қоса, төраға мемлекет басшысына Қор активтерін жекешелендіру жоспарының іске асырылу барысы жөнінде мәлімет берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорына қарасты бейінді емес активтерді жекешелендіру және компанияларға халықтық IPO өткізу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама