×

СҚО кәсіпкерлеріне 300 млн теңгеден астам қаражат қайтарылады

Фискалдық орган салық төлеушілермен құқықтық түсіндіру іс-шараларын жүргізді

 Динара Амантай 04.10.2023 | 09:06
Фото: Halyq Uni

СҚО прокурорлары табиғатты пайдалану саласында талдау жүргізу кезінде теріс әсер еткені үшін бюджетке төлемдерді негізсіз енгізу фактілерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2022-2023 жылдары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 574-бабын бұза отырып, облыстың 8 мыңнан астам табиғат пайдаланушылары қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін жалпы сомасы 321,4 млн теңге төлем төлеуді іске асырған. Ал іс жүзінде олар осы төлемдерден босатылған, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыстың мемлекеттік кірістер департаменті берілген өтініштер негізінде кәсіпкерлерге 11,8 млн теңге қайтаруды қамтамасыз етті, қалған қаражат бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Мұндай фактілерді болдырмау мақсатында фискалдық орган салық төлеушілермен құқықтық түсіндіру іс-шараларын жүргізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама