×

«Ол жасаған қылмыс қаланың бес ауданын қамтиды»: Алматыда 33 жастағы ер адам ұсталды

Алматыда такси жүргізушілерін алдап, телефондарын иемденіп алған күдікті ұсталды.

 Халық үні 04.10.2023 | 08:37
Фото: polisia.kz

Алматыда такси жүргізушілерін алдап, телефондарын иемденіп алған күдікті ұсталды. Полицейлер бірқатар алаяқтық жасаған Алматы облысының 33 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, А. есімді азамат клиент ретінде таксиге отырған. Мекенжайға жеткеннен кейін ол жүргізушіден қоңырау шалу үшін телефонын сұрап алып, содан соң қашып кеткен. Қаскөй бөтеннің телефондарын сатып, түскен ақшаны өзіне жұмсаған.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында 33 жастағы күдікті ұсталды. Ол жасаған қылмыс тізбегі қаланың бес ауданын қамтиды. Олардың негізінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық істер тіркелді. Қаскөй қамауға алынды. Алданған адамдардың көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Осыған байланысты азаматтардан күдіктіні таныған жағдайда мына телефондарға хабарласу сұралады: 8-705-555-77-63; 8-775-747-77-78 және 8-778-591-91-35.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама