×

Сергей мен Тимофей Емельяновтар Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық спортшылар өзбекстандықтарға жол берді

 Динара Амантай 03.10.2023 | 09:09
Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

Қазақстандық спортшылар Сергей және Тимофей Емельяновтар Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ағайынды Тимофей мен Сергей Емельянов каноэ есуден 1 мың метр қашықтықта мәреге өзбекстандықтардан кейін екінші болып жетті. Үшінші орынды үндістандықтар иемденді.

Бұған дейін Сергей кеше Тимур Хайдаровпен бірге Азия алтынын алса, Тимофей жекелей сында қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін Әділбек Мусиннің суға жүзуден екі дүркін Азиада жүлдегері атанғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама