×

Әділбек Мусин суға жүзуден екі дүркін Азиада жүлдегері атанды

Ол қола медаль алды

 Дастан Жұмабекұлы 28.09.2023 | 17:55
Фото: gov.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында тағы бір спортшымыз жүлде алды. 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Әділбек Мусин қола медаль алып, осымен екі дүркін Азиада жүлдегері атанды.

Осы сында Оңтүстік Кореяның спортшысы Инчул Бэк чемпион атанса, сингапурлық Цзен Вей Теонг мәреге екінші келіп, күміс медалист болды.

Бұл – Әділбек Мусиннің Азиядадағы екінші қола медалі. Кеше ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзіп, 3-орынды жеңіп алған болатын.

Әділбек Мусин – 1999 жылы Астана қаласында туған. Суда еркін жүзу және баттерфляй әдістерімен жүзеді. Қазақстан Республикасының рекордсмені. V Ислам ойындарының чемпионы, 2018 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.

Жаттықтырушысы – Станислав Осинский. Ол – Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама