×

Инвесторлардың проблемасы шешілді – Алматы қаласының прокуратурасы

868 млрд теңгенің жобасы басталды

 Дастан Жұмабекұлы 29.09.2023 | 11:18
Фото: Асылхан Мамашұлы

Алматы қаласының прокуратурасы инвесторларға жұмыс істеуге кедергі келтіріп, олардың заңды құқықтарын бұзған мекемелерді анықтады. Осы жұмыстың нәтижесінде 68 инвестор 868 млрд теңгеге өз жобаларымен айналысып жатыр.

Мысалы, Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы «АМА» ЖШС мен «OD» ЖШС-іне құрылысқа рұқсат бермей, сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беруден бас тартқан. Енді қалалық прокуратура іске араласқаннан кейін инвестор 11 млрд теңгеден астам сомаға автоорталық пен рекреациялық кешен құрылысын сала бастады.

Прокуратураның наразылығы бойынша заңсыз бас тартулар жойылып, инвесторларға рұқсат құжаттары берілді.

Тағы бір жерде прокуратура әкімдіктің Жер кодексінің 43-бабын бұза отырып, 5 ай бойы емдеу-сауықтыру кешеніне жер телімін бермегенін анықтаған. Жер телімін рәсімдеу заң бойынша 20 жұмыс күнінен аспауға тиіс еді. Бұл жоба құны 4 млрд теңге болған. Осы мәселеге де прокуратура араласып, инвестордың өтініші қанағаттандырылып, оған жер телімі берілді.

Бүгінде прокуратура инвестициялық жобаларды іске асыратын төрт инвестордың проблемасын шешіп, олар 500-ден астам жұмыс орнын ашты.

Прокуратураның негізгі міндеті – инвесторлардың құқығы мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, проблемаларын тиімді шешу, – деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы.

Қадағалау органының хабарлауынша, инвесторлардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында Алматы қаласы прокурорының өкімімен фронт-кеңсе құрылып, тәулік бойы мобильді топ жұмыс істейді. Байланыс телефоны – 8 701 77 55 00.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама