×

Азиадада Қазақстанға семсерлесуден қола жүлде бұйырды

Әзірше спортшылар 1 алтын, 2 күміс және 11 қола жүлде иеленіп отыр

 Дастан Жұмабекұлы 28.09.2023 | 11:01
Фото: Сали Сабиров

Азия ойындарында семсерлесуден Қазақстан құрамасы жартылай финалда Оңтүстік Корея командасынан жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты.

Құрамында Мұхамедәлі Рахманәли, Назарбай Саттархан, Жанат Нәбиев пен Артем Саркисян бар ерлер командасы әлем үздіктерінің бірі саналатын Оңтүстік Кореяның споршыларына 41:45 есебімен жол берді.

Биылғы Азиадада Қазақстан құрамасы жарысты жақсы бастаған еді. Команда 1/8 финалда Непал өкілдерін 45:15, ширек финалда Кувейт құрамасын 45:43 есебімен жеңген болатын. Ал ½ финалға келгенде жігіттердің шамасы финалға шығуға жетпеді.

Осылайша, қазір Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы медаль қоржынында 14 жүлде бар. Спортшылар 1 алтын, 2 күміс және 11 қола жүлде иеленіп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама