×

Асаубаева мен Әбдімәлік Азия ойындарын қандай нәтижемен аяқтағаны белгілі болды

Жазғы Азия ойындарында шахматтан Қазақстан намысын Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік қорғаған болатын

 Халық үні 28.09.2023 | 08:38
Фото: Дастан Капаев

Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық шахматшы қыздар жарысты аяқтады.

Жазғы Азия ойындарында шахматтан Қазақстан намысын Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік қорғаған болатын. Бибісара жарысты бесінші орынмен, Жансая сегізінші орынмен тәмамдады.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Қытай қыздары алтын мен қоланы өзара бөліссе, күмісті Өзбекстан өкілі иеленді.

Ерлер арасындағы бәсекеде Қазыбек Нөгербек 10, Ринат Жұмабаев 16-орын алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама