×

Сүйінші! Азиадада Қазақстан спортшылары алғашқы алтын медаль жеңіп алды

Олар 344 ұпай жинап, Азия ойындарының рекордын жаңартты

 Дастан Жұмабекұлы 27.09.2023 | 10:13
фото: Тұрар Қазанғапов

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарынан сүйінші хабар жетті. Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша сынға түскен әйелдер құрамасындағы Зоя Кравченко, Әсем Орынбай мен Ольга Панарина финалда Азия ойындарының рекордын жаңартып, чемпион атанды.

Олар Азия ойындарының рекордын 344 ұпаймен жаңартты.

Азия ойындары 23 қыркүйекте басталды. Азия ойындарында спорттың 30 түрінен 525 спортшымыз Қазақстан намысын қорғайды.

Азиадада тоғыз спорт түрінен 2024 жылы Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарына қатысуға лицензия беріледі: бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, көркем жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис, жеңіл атлетика.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама