×

Алматыда 15 жыл бұрын қылмыс жасаған шетелдік ұсталды

Өзбекстан азаматы 2008 жылдан бері іздеуде болған

 Дастан Жұмабекұлы 26.09.2023 | 09:36
Фото: polisia.kz

Алматыда 15 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды. Көші-қон қызметі мен қалалық криминалдық полициясы оны Өзбекстан Ішкі істер министрлігімен бірігіп ұстады.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, күдіктінің қай жерде жүргені «Іздеу – ТМД» жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды.

Өзбекстан Сурхандария облысының ішкі істер басқармасы 1982 жылы туған Р. есімді азаматқа 2008 жылы мемлекетаралық іздеу жариялаған. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны өз еліне экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов қалада ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтарын анықтау мақсатында 11 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында «Жалдамалы» іс-шарасының жүргізіліп жатқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама