×

Мас күйде көлік жүргізген Ақтөбе мәслихатының депутатына сот үкімі шықты

Мәслихат депутатының үстінен екі бап бойынша әкімшілік іс қозғалған

 Халық үні 25.09.2023 | 22:45
Фото: instagram.com/saniya_bulqairqyzy

Мас күйінде көлік жүргізіп мандатынан айырылды. Бүгін Ақтөбе мәслихатының депутаты Сәния Мұратованың өкілеттілігі тоқтатылды. Сондай-ақ, ісі әкімшілік сотта қаралып, оған экс-депутат мүлде қатысқан жоқ, деп хабарлады КТК тееларнасы.

Мәслихат депутатының үстінен екі бап бойынша әкімшілік іс қозғалған. Біріншісі жол ережесін бұзғаны үшін. Өзі сотта төбе көрсетпесе де, судья сырттай шешім шығарды. Енді Сәния Мұратова алты ай бойы көлік жүргізе алмайды.

Айта кетелік, жиырма күн бұрын Лексус көлігін тақымдаған 53 жастағы қалалық мәслихат депутатын тәртіп сақшылары орталық көшелердің бірінде тоқтатқан. Алкогольді ішімдіктің иісі шыққанын аңғарған сақшылар депутатты сараптамаға жеткізген. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін енді тағы да сотқа тартылады. Экс-депутат оған да келмесе сотқа күштеп жеткізілмекші. Себебі, мас күйінде рөлге отырғаны үшін 15 күнге әкімшілік қамауға алынуы тиіс. Әзірге тек қарсы жолға шыққаны үшін жауапқа тартылды.

«Әлия Малдағұлова және Сәңкібай батыр даңғылы қиылысында алты жолақты жол белгісі және соны ортасынан бөліп тұрған екі таңбалы сызығын көлік құралын басқарып келе жатып өтіп кеткен болатын. 704-баппен, яғни хаттамамен келісетін және келіспейтін туралы түсіндірілген болатын. Муратова Сәния Бұлқайырқызы 596-бабының 3-тармағы бойынша хаттамамен толық келісетінін айтты», - дейді Ақтөбе патрульдік полиция инспекторы Мүсіреп Жанболатұлы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама