×

ІІМ ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін іздеуде жүргендерді көрсетті (ВИДЕО)

Екі күнде 283 қылмыскер анықталды және ұсталды

 Еркеғали Болатұлы 24.09.2023 | 13:27
фото: polisia.kz

ІІМ республика аумағында ТМД елдерімен бірлескен «Іздестіру» операциясын жүргізді.

Екі күндік операция барысында республиканың криминалдық полиция қызметкерлері ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстау бойынша бірқатар арнайы іс-шаралар өткізді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде іздеуде жүрген 283 қылмыскер анықталды және ұсталды.

  • кісі өлтіргені үшін – 8;
  • денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін – 9;
  • қарақшылық шабуылдар үшін – 3;
  • тонау жасағаны үшін – 5;

олардың ішінде:

  • республикадан тыс жерлерде – 20 (Ресейде – 10, Қырғызстанда – 4, Өзбекстанда – 3, Арменияда – 2, Молдова мен Түрікменстанда – 1);
  • ТМД елдерінде – 134 (Ресейде – 78, Өзбекстан – 31 және Қырғызстанда – 18, Тәжікстанда – 2, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Молдова және Түрікменстанда – 1).

Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 62 адам, оның ішінде 8 кәмелетке толмаған адам анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама