×

Түркістанда сары құмырсқа қаптап кетті

Соған байланысты үйлерін саудаға шығарған тұрғындардан сатып алушылар сарықұмырсқаны жоюды талап етуде

 Дастан Жұмабекұлы 13.05.2022 | 16:47
Фото: gov.kz

Түркістан қаласында сары құмырсқа қаптап кетті. Бұл туралы журналист Иса Беркімбай әлеуметтік желіде хабарлады.

«Түркістанда сары құмырсқаның қаптағаны сонша, қаланың барлық аудандарындағы ескі де жаңа да ғимараттар мен тұрғын үйлердің ағаштарының арасындағы қуыстарына мыңдағаны орналасып алып, кеміріп, жарамсыз етуде. Соған байланысты үйлерін саудаға шығарған тұрғындардан сатып алушылар сарықұмырсқаны жоюды талап етуде. Мәжбүрлеуде», - деді ол.

Оның айтуынша, ғылыми тілде «термиттер» деп аталатын жәндіктер ағаштардың діңгегінің өзегі қуыс болып қалып,  соған жиналуы нан пайда болған.

«Оңтүстік өңірді құрылыс ағаштарымен қамтамасыз еткен кәсіпкер Алшынбай Тұртановтың айтуынша, кезінде бір пысықайлардың Семей, Павлодар, Көкшетау, Ақмола ормандарын өртеп, соның діңгектерін құрылыс материалы ретінде арзан бағадан сатуды әдет еткен. Соның салдарынан өзегіндегі майынан айырылған ағаштардың діңгегінің өзегі қуыс болып қалып, соған құрт-құмырсқалар жиналған», - деді ол.

Сонымен бірге ол Түркістан жағдайында бір орналасқан сары құмырсқаны жоюдың мүмкіндігі табылмай отырғанын, біреулер олардың илеуіне дус сепсе, енді бірі жанармаймен өртеп жатқанын айтты.

«Алайда, залалданған жерден оңай қашып кеткен сарықұмырсқалар басқа ағаштардың тіреулерін, діңгектерін және балшықтардың өзегін қоректенеді. Мұны түпкілікті жоюдың мүмкіндігін түркстандықтар таппай отыр. Соған байланысты пәтер бағасы түсіп, құрылыс ғимараттарына оразан зиян келуде. Мұны Түркістан қалалық санитарлық–эпидемиологиялық бөлімінің басшысы Мұрат Байтүгелов те растап отыр. Ол уақытында дезинфекциялық шараларды атқарып отырса құтылуға болады деген пікірде», - деді Иса Беркімбай.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама