×

Қытайда XIX жазғы Азия ойындары салтанатты түрде ашылды

Еліміздің атынан 30 спорт түрінен 524 қазақстандық бақ сынайды

 Еркеғали Болатұлы 24.09.2023 | 09:08
фото: Тұрар Қазанғапов

Дүбірлі додаға Азия Олимпиада кеңесі (АОК) құрамындағы 45 елден 12 500-ден астам спортшы келеді деп күтіліп отыр. Бұл Азия ойындары тарихындағы рекордтық көрсеткіш болмақ.

2018 жылы Индонезияда өткен Азиадада 11 300 адам тіркеліп, жаңа рекордтық көрсеткіш орнаған еді.

Салтанатты шараның ашылуында еліміздің атынан бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен биіктікке секіруден көшбасшымыз Надежда Дубовицкая ту ұстап шықты.

Биыл еліміздің атынан Ханчжоу қаласында 30 спорт түрінен 524 қазақстандық (262 ер, 262 әйел) бақ сынайды.

Жазғы Азия ойындарында 8 спорт түрінен Париж Олимпиадасына жолдама беріледі. Бәсекеде 40 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады.

Сайыстар 51 жарыс алаңында өткізіледі. Бұл мақсатта 14 жаңа кешен салынды. Көптеген спорт түрінен жарыстар Ханчжоу қаласында өтеді.

Ал кейбір жарыс Дэцин, Цзиньхуа, Нинбо, Шаосин мен Вэньчжоу сынды шағын қалаларда болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама