×

Путинцева Қытайдағы жарыстың жартылай финалына шықты

Енді 1/2 финалда турнирдің 1-ракеткасы, Польша өкілі Магда Линеттпен кездеседі

 Дастан Жұмабекұлы 22.09.2023 | 15:40
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның екінші, әлемнің 81-ракеткасы Юлия Путинцева теннистен Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Путинцева ширек финалда әлемнің 48-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, германиялық Татьяна Мариямен кездесіп, оны 6:4, 7:6 (8:6) және 6:0 есебімен жеңді.

Енді Юлия Путинцева финалға шығу үшін әлемнің 27-інші, турнирдің 1-ракеткасы, Польша өкілі Магда Линеттпен кездеседі.

Осы турнирден кейін Путинцева Азия ойындарына қатыспайды. Ол Елена Рыбакина мен Александр Бублик сияқты Азиадаға қатысудан бас тартты. Биылғы ойындарға Қазақстан құрамасынан ерлер құрамасында Денис Евсеев, Бейбіт Жұқаев, Дмитрий Попко пен Григорий Ломакин ойнайды. Ал әйелдер құрамасында Жібек Құламбаева, Гөзал Айнитдинова, Аружан Сағындықова мен Жанель Рүстемова қатысады.

Азия ойындарында барлығы 8 теннисші бақ сынайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама