×

Көкшетауда тұрғын үйлерге су беру екі апта бойы шектеледі

Компания қызметкерлері қалада гидравликалық режим бұзылатынын ескертті

 Еркеғали Болатұлы 22.09.2023 | 11:34
фото: oldkaz.kyzylorda-news.kz

Көкшетау қаласында жергілікті коммуналдық кәсіпорын судың 15 күн тоқтатылатынын хабарлады.

«Көкшетау Су Арнасы» компаниясының мәліметінше, 26 қыркүйек пен 11 қазан аралығында Шығыс және Солтүстік өндірістік аймақтар ауданында су беру тоқтатылады. Ол шешімнің себебі де жарияланды.

Сол кезде технологиялық қондырғыларға профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Атап айтқанда, су құбыры мен резервуарларды зарарсыздандыру және жуу шаралары атқарылады, – дейді мамандар.

Қызылжар ауылында, Бірлік, Жайлау және Бейбітшілік шағын аудандарында суды кесте бойынша беріп отырады. Таңертең сағат 07:00-09:00 аралығында, түсте – 13:00-15:00, кешке 20:00-ден 22:00-ге дейін су болады.

Осы орайда компания қызметкерлері қалада гидравликалық режим бұзылатынын ескертті. Соның салдарынан жоғарғы қабаттарда судың қысымы төмендеуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама