×

Елімізде ерекше қорғалатын 2 табиғи аумақ ЮНЕСКО мұрасы тізіміне енді

Мұндай шешім Эр-Рияд қаласында қабылданды

 Дәурен Ерболат 22.09.2023 | 11:20
Фото: qazaqstan3d.kz

Алтын-Емел ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілді, деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

Мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитет Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан бірлесіп енгізген «Тұран шөлдері» номинациясында Алтын-Емел ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығын ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енгізді.

Бұл шешім комитеттің Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасында 10-25 қыркүйек аралығында өтіп жатқан кеңейтілген 45-сессиясында қабылданды, – деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама