×

Қазақстан мен Мексика визалық режимді жеңілдету мәселесін талқылады

Биыл 7 айда қос ел 355 млн долларға сауда жасаған

 Дәурен Ерболат 22.09.2023 | 10:13
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі

БҰҰ Бас ассамблеясының 78-сессиясы аясында Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мексика Сыртқы істер министрі Алисия Барсена Ибаррамен келіссөз жүргізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қос тарап Қазақстанның халықаралық бастамалары мен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара қолдау мәселелері сияқты екіжақты және көпжақты ынтымақтастық негіздеріне тоқталды.

Сондай-ақ министрлер Қазақстан мен Мексика арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселесіне ерекше назар аударды.

 Мұрат Нұртілеу Мексиканың Латын Америкасындағы Қазақстанның негізгі серіктесі екенін атап өтіп, мексикандық тараптың жақын арада Астанада өз елшілігін ашу жоспарын құптады.

 Айта кетейік, биыл 7 айда қос ел арасындағы тауар айналымы 355 млн доллар болды. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 328% жоғары, ал 2022 жылғы тауар айналымы шамамен 200 млн доллар болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама