×

«Пәтерде қалыңыздар»: алматылықтарға ескерту жасалды

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті жұма, 22 қыркүйекте қалада қатты жаңбыр жауатын ескертті

 Халық үні 22.09.2023 | 07:45
Фото: Yulia Glam

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті жұма, 22 қыркүйекте қалада қатты жаңбыр жауатын ескертті, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

«Қазгидрометтің» Алматыда қатты жауын-шашын туралы дауылдық ескертуіне байланысты ТЖД төменде көрсетілген қауіпсіз ережелеріне назар аударуды сұрайды», - делінген хабарламада.

Ведомство қолайсыз ауа райы кезінде автомобильдің жылдамдығын төмендетуді, авариялық шамдарды қосуды немесе қатты жаңбырдың басылғанын күтуді, мүмкіндігінше пәтерде немесе жұмыста қалуды ұсынады.

Сондай-ақ ТЖД жеке тұрғын үйлердің иелеріне жаңбыр суын және басқа да дренаждық жүйелерді нөсер су ағынын бұруға дайындау шараларын қабылдауға кеңес береді.

 Егер жаңбыр жауған кезде сіз сыртта болсаңыз:

электр желілерінің тұтастығына назар аударыңыз;

әлсіз нығайтылған құрылымдардың астында тұрмаңыз - олардың опырылып түсуі  адамдардың жарақат алуына әкелуі мүмкін;

су тасқыны деңгейінен жоғары ғимараттарды паналауға тырысыңыз;

жаяу жүргіншілер де абай болу керек, жаңбыр кезінде көрінбейтініңізді ұмытпаңыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама