×

Талғарда дәрігерлерді соққыға жыққан күдіктілер қамауға алынды

Күдіктілер 12 жылға қамалуы мүмкін

 Халық үні 21.09.2023 | 07:25
фото: видеодан скриншот

Алматы облысының полициясы Талғар қаласында медицина қызметкерлерін ұрып-соққан күдікті екі адамды уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қозғалған қылмыстық іс бойынша жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігіне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - дейді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске сала кетейік, 19 қыркүйекте қайтыс болған науқастың туыстары Талғардағы орталық аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінің дәрігері мен мейіргерін сабаған. Зардап шеккен ақ халаттыларға сынық, көгеру диагнозы қойылды, олардың жағдайы ауыр деп бағаланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама