×

Алматыда коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеуге мәжбүр болды

Қалада жаңбыр толлассыз жауып жатыр

 Дәурен Ерболат 20.09.2023 | 14:04
Фото: zakon.kz

Алматыда коммуналдық кәсіпорындар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

20 қыркүйекте таңғы сағат 07:00-ден бастап шаһарда жаңбыр жауа бастаған. Ол түске дейін жауады деп болжанып отыр.

Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша қаладағы жауын-шашын мөлшері – 9 мм, каменск үстірті аймағында – 14 мм. 

Су тасқынының алдын алу және жою үшін 45 патрульдік бригада, 165 арнайы техника, 24 мотопомпа және 820 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 1 750 қап құм жиналды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел кезекшінің ақпараты бойынша Бостандық ауданындағы Вахтангов көшесі, 5 мекенжайындағы жер үйді су басқан. «Алматы Тазалық» мекемесінің жұмысшылары арықтан бұтақтарды тазалап, су тасқыны қаупін жойды.

Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау бойынша кезекшілік ұйымдастырылды.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша бүгін түске дейін жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан күші 3-8 м/с болатын жел соғады, оның екпіні 13 м/с-ке жетуі мүмкін, қаладағы ауа температурасы +15 + 17°С болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама