×

Қостанай облысында зейнеткерге 3 млн теңгесін қайтарып берген жүргізуші марапатталды

Ол қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

 Дәурен Ерболат 20.09.2023 | 12:35
Фото: polisia.kz

Қостанай облысында полиция зейнеткерге 3 млн теңгесін қайтарған жүргізуші Серік Нағашыбаевты марапаттады, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқиға 14 қыркүйекте Лисаков қаласында болған. Серік Нағашыбаев 80 жастағы зейнеткерге көмектесіп, 3 млн теңгесін қайтарып берген.

Салтанатты іс-шараға қаладағы полиция бөлімінің басшысы Қазбек Бисембаев, Лисаков қаласының прокуроры Ермек Шуақпаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Алмат Батпанаев қатысты.

Серік Нағашыбаевқа қол сағат пен алғыс хат берілді.

Жүргізушінің қырағылығының арқасында ауыр қылмыс – алаяқтық дерегі болмады, - деді Қазбек Бисембаев.

Қарапайым такси жүргізушісі қиындыққа ұшыраған адамға көмектесу маңызды екенін атап өтті.

Бір-бірімізге әрқашан көмектесуіміз керек. Сонда тәртіп болады. Сақ болу қажет. Қиындыққа тап болған қызына заттарды беру керектігін айтқан зейнеткерді көргенде алаңдадым, қорқыныш та болды. Заттарымен бірге әйел 3 млн теңгесін де бермек болды. Бұл оқиға басқаларға сабақ болар, алаяқтардың құрбанына айналмас, - деді Серік Нағашыбаев.

Айта кетейік, бүгінде Лисаковта полицияға 12 ерікті көмектесіп жүр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама