×

ДСМ Талғар ауруханасындағы оқиғаға қатысты әділ құқықтық бағалауды талап етеді

Медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау, қауіпсіздігі мен мәртебесін нығайту бастамасы Мәжілісте көтерілген еді

 Динара Амантай 20.09.2023 | 09:44
Фото: видеодан скриншот

ДСМ Талғар ауруханасындағы болған оқиғаға қатысты әділ құқықтық бағалауды талап етеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеше Алматы облысы Талғар аудандық орталық ауруханасында қайтыс болған науқастың ұлдары жансақтау бөлімінің дәрігері мен мейіргерін соққыға жыққан болатын. Салдарынан реаниматолог пен мейіргер ауыр жарақат алды.

Осы құқыққа қайшы әрекеттерге құқық қорғау органдары тарапынан тиісті баға берілуге, шабуыл жасаған адамдар заңның барлық талаптары бойынша жазалануға тиіс. Дәрігерлерге жасалған мұндай қаскүнемдік шабуылдар, ауыр пациенттерге медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның қызметіне араласуға мүлде жол берілмейді және адамгершілікке жатпайды, – делінген ДСМ хабарламасында.

Денсаулық сақтау жүйесінде пациенттер мен дәрігерлердің қауіпсіздігі, науқастарға медициналық көмек көрсету үшін жағдай жасау әрқашан алдыңғы қатарда тұрады.

«Басым міндет – зардап шеккен дәрігердің және басқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, барлық күш-жігерді зардап шеккен медицина қызметкерлерінің өмірі үшін күреске бағыттау, ал медициналық ұйым басқа шұғыл пациенттерге көмек көрсету үшін қауіпсіз жағдай жасау. Әріптестеріміздің тезірек сауығып кетулеріне тілектеспіз!

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде оларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері жасалған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылып, медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау, қауіпсіздік және мәртебесін нығайту бастамасын көтереді. Заңнамаға енгізілген өзгерістер Парламент Мәжілісінде қаралады және жақын арада бекітіледі деп үміттенеміз, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама