×

Нұрлан имам «Жыл адамы» атағына ие болды

Freedom Star Qazaqstan іс-шарасында елге танымал имам Нұрлан Байжігітұлы «Жыл адамы» атанды

 Халық үні 19.09.2023 | 23:19
Фото: видеодан алынды

Freedom Star Qazaqstan іс-шарасында елге танымал имам Нұрлан Байжігітұлы «Жыл адамы» атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Имамға «Жыл адамы» жүлдесі Алматыдағы арнайы іс-шарада табысталды.

Freedom Star Qazaqstan – инфлюенсерлерге берілетін жүлде. Бұл жолы іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ге жуық блогер қатысқан. Блогерлерге жүлде Business, Travel, Sport, Family, Beauty, Stand Up, Food, Entertainment, Kind Heart, News Maker және басқа да номинайиялар бойынша берілді.

Еске сала кетейік, көпшілікке TikTok  әлеуметтік желісі арқылы танылған имам Нұрлан Байжігітұлы таяуда баспаналы болды. Ол отбасымен мешітте тұрып келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама