×

Облыс әкімдігі 252 млн теңгеден астам сомаға жол талғамайтын көліктер сатып алмақ

Лотта көлікке қойылатын талаптар да жазылған

 Еркеғали Болатұлы 19.09.2023 | 15:30
фото: autocapital.by

Алматы облысының әкімдігі мемлекеттік сатып алулар арқылы бюджет қаржысына жол талғамайтын көліктер сатып алуды жоспарлап отыр.

Мемлекеттік сатып алулар сайтындағы мәліметке сәйкес, лотты Алматы облысы әкімі аппаратының «Шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жариялаған.

Көлік алу үшін бюджеттен 252 560 000 теңге бөлінген, яғни әр көлік үшін 25 256 000 теңге жұмсалмақ.

Лотта көлікке қойылатын талаптар да жазылған. Мәселен, қозғалтқышының көлемі 3 мың текше сантиметрге дейін, кузов түрі – 5 орындық жол талғамайтын көлік. Ұзындығы 4886 сантимтрден, ал ені 1934 сантиметрден кем болмауы керек.

КазТАГ мәліметінше, бұл айтылған өлшемдер жақында таныстырылған қытайлық Tank 500 көлігінің өлшемдерімен бірдей екен.

Аталған лотқа әлі бірде-бір өтініш түспеген. Ал талқылау мерзімі 25 қыркүйекте аяқталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама