×

Президент Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңісімен құттықтады

Бұл – тарихи жетістік

 Халық үні 19.09.2023 | 08:29
фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін, – деді президент.

Еске сала кетейік, Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан жүлдесі жөнінде айтқанын жазған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама