×

Риддердегі ЖЭО-ны жөндеуге Үкімет резервінен 7,3 млрд теңге бөлінді

Өңірдегі жылу нысандарында жөндеу жұмыстары аяқталған

 Еркеғали Болатұлы 17.09.2023 | 14:40
фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңір әкімі Ермек Көшербаевпен бірге Өскемен және Риддер ЖЭО-ларында болып, жаңа жылыту маусымына дайындық барысымен танысты.

Өңірдегі жылу нысандарында жөндеу жұмыстары аяқталған. Енді ЖЭО іске қосу-баптау кезеңіне дайындық үстінде.

Қазір Риддер ЖЭО-ны күрделі жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Стансаны жөндеуге Үкімет резервінен 7,3 млрд теңге бөлінген. Биыл моноқаланың жылу желілерін күрделі жөндеуден өткізуге 1,1 млрд теңге бағытталды. Сондай-ақ өндіріске тартылған инфрақұрылымды жөндеуге жергілікті бюджеттен 500 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.

Премьер-министрдің бірінші орынбасарына Риддер ЖЭО-да іске қосу-реттеу жұмыстары белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатқаны туралы айтылды. №1, 2, 3 қазандық агрегаттарын жөндеу аяқталуға жақын, экрандардың беттері жиналып, орнатылған. Бір күн бұрын қазандықтар тазалау жұмыстарын жүргізу үшін сумен толтырылды.

Сонымен қатар делегация жұмыс сапары барысында Өскемен ЖЭО-ға да барып қайтты. Мұнда жөндеу жұмыстары алдыңғы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден басталған еді. Бүгінде стансаның дайындығы 80%-дан асады, 5 қазандық агрегаты мен 8 турбоагрегат жөндеуден өткен. Жөндеу жұмыстарының бағдарламасы қазан айына дейін аяқталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама