×

Таиланд Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізеді

Бұл елде отандастарымыз 30 күнге дейін визасыз жүре алады

 Дастан Жұмабекұлы 15.09.2023 | 09:24
Фото: Air Astana-ның Twitter-дегі парақшасынан алынды

Таиландта Қазақстан азаматтары 30 күнге дейін визасыз жүре алады.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, екіжақты ынтымақтастықты нығайту және туризмді дамыту мақсатында Таиланд Корольдігінің Үкіметі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап, 2024 жылғы 29 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізу туралы шешім қабылдады.

Қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алады. Жарамды жол жүру құжаты Қазақстан азаматының паспорты болып танылады, оның қолданылу мерзімі шекараны өту кезінде 6 айдан асуға тиіс, – делінген хабарламада.

Бірақ ұзақ сапарлар үшін тиісті визаны ресімдеу қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама