×

Оралда ер адамдар қабырғадағы тесік арқылы әйелдер түрмесіне кірген (ВИДЕО)

Видеода жас жігіт сотталғандарды тексеру және тінту жүргізуге арналған журналды көрсетеді

 Халық үні 15.09.2023 | 08:45
фото: © Sputnik / Евгений Епанчинцев

Апатты жағдайда тұрған Оралдағы тергеу изоляторында тұтқындар қабырғадағы үлкен саңылау арқылы әйелдер камерасына қалай өтуге болатынын көрсетіп, видео түсірген, деп хабарлады «Мой город». 

Оралдағы №74 мекеме, яғни уақытша ұстау изоляторынан түсірілген деген видео жарияланды. Онда ер адамның қабырғадағы саңылаудан басқа бөлмеге өткенін көруге болады. Оны басқа адам ту сыртынан түсіріп тұрады. Видео авторы сотталғандар ескі ғимараттың қабырғасынан осылай саңылау жасап алып, әйелдер камерасына кіреді-мыс деп мәлімдейді.

Басшылық тарапынан мүлде бақылау жоқ. Қашқандар осылай қашады. Министр мырза, қандай да бір шаралар қабылдаңыз, - делінген видео сипаттамасында.

Сондай-ақ видеода жас жігіт сотталғандарды тексеру және тінту жүргізуге арналған журналды көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама