×

Теннистен Қазақстан командасы Дэвис кубогына дайындықты бастады

Ұлттық құрама Болгария жасағымен кездеседі

 Дастан Жұмабекұлы 14.09.2023 | 16:35
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Теннистен Қазақстан ұлттық құрама командасы 16-17 қыркүйекте София қаласында Болгария командасымен өтетін Дэвис кубогының плей-офф матчына дайындықты бастады.

Қазір команда капитаны Юрий Щукиннің жетекшілігімен Александр Бублик, Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев пен Александр Недовесов жаттығып жатыр.

Екі елдің құрама командалары Дэвис кубогының плей-офф кезеңінде алғаш рет кездесетін болады. Осыған дейін Болгария командасы Дэвис кубогының финалдық кезеңіне мүлдем шығып көрген емес.

16 қыркүйекте жекелей сында екі матч болады. 17 қыркүйекте бір жұптық, тағы екі жекелей кездесу өтеді. Матч жеңімпазы алдағы жылдың ақпанында Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алу үшін сынға түседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама